Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылы Медициналық сақтандыру қоры 52 медициналық ұйыммен келісімшарт жасаған. Солардың бірі — көпбейінді облыстық аурухана. 2025 жылы бұл ауруханамен 19 млрд теңгеге келісім жасалған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ақшаның 8 млрд 377 млн теңгесі — МӘМС аясында, ал 11 млрд 78 млн теңгесі — тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша бөлінген.

Өткен жылы облыстық ауруханада жүрекке байланысты 503 ота жасалды. Оған 575 млн 140 мың теңге жұмсалған.

Дәрігерлердің айтуынша, ең маңызды мәселе — ауруды ерте анықтау. Сол үшін өңірде скринингтер мен профилактикалық тексерулер жүргізіледі. 2025 жылы облыста 132 570 адам осындай тексеруден өткен. Бұл жұмысқа 501 млн 811 мың 427 теңге бөлінді.

Ал 2026 жылы скринингтерге тағы да көп қаржы қарастырылған. Биыл бұл мақсатқа 659 млн 806 мың теңге бөлінеді. Оның 589 млн 965 мың теңгесі — тегін медициналық көмек пакеті арқылы, ал 69 млн 841 мың теңгесі — МӘМС жүйесі арқылы беріледі.

Мамандар тұрғындарды өз емханасына барып, уақытында тексеруден өтуге шақырады. Себебі скрининг қауіпті ауруларды ерте анықтауға көмектеседі.

Тегін медициналық көмек аясында мына ауруларға скринингтен өтуге болады:
сүт безі қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры, тоқ ішек обыры, қант диабеті және қауіп тобына кіретін адамдар үшін гепатит.

Ал МӘМС арқылы мына тексерулер қарастырылған: 50-76 жастағы ер адамдар үшін — ми қан айналымының жедел бұзылыстары, 40-76 жастағы ерлер мен әйелдер үшін — глаукома.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *