Оқиға төртінші наурыз күні Тайынша қаласында орын алған. Төтенше жағдайлар департментінің хабарлауынша, улы газ пешті дұрыс пайдаланбағннан шыққан, деп жазады Qazaqstan Media.

Жеке тұрғын үйдегі пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан бүтін отбасы уланып қалды. 1973 жылы туған үй иесі мен оның 1980 жылғы келіншегі, 2012 жылы туған ұлы қазір ауруханада жатыр. Олар бірден Тайынша ауданаралық көпбейінді ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде отбасы мүшелерінің жағдайылары жақсарып, тұрақталған. Естерін жиған. Алайда, дәрігерлер науқастардың әлі де жансақтау бөлімінде болатындарын жеткізді.

«Жылыту кезеңінде негізінен жеке тұрғын үй секторында өрт пен газдан улану жиі тіркеледі. Уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеріп,  пешті жылытуға және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуды ұсынамыз.  Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек»,-деп ескертеді СҚО ТЖД.

Тағы оқыңыз: Петропавлда референдум өткізу мәселелері бойынша Call-center жұмыс істейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *