11-ші наурыз Солтүстік Қазақстан тұрғындарының есінде қатты боранымен қалатын болды. 112 номерінен келген смс хабарламаны елемей жолға шыққан жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай жолда қалды. Олардың 131-ін құтқарушылар жылыту пунктіне жеткізген, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11-ші наурыздағы 23:30 жағдайы бойынша 58 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылып, эвакуацияланған. Сонымен қатар, қар құрсауында қалған 19 автокөлік шығарылған. 131 адам, оның ішінде екі бала, жылыту пунктіне жеткізілді.

Ауа райының нашарлауына байланысты – боран, көктайғақ, қатты жел жағдайында – ТЖМ құтқарушылары өңірдің автожолдарында халыққа көмекті күні-түні көрсетті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Наурызнама онкүндігі басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *