Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, Есіл бассейніндік инспекциясының су айдындарында балық аулауға шектеулер енгізілді. Бұл шара балық қорын уылдырық шашу кезеңінде қорғау мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясының мәліметінше, бұл шара балық қорын уылдырық шашу кезеңінде қорғау мақсатында қабылданған. Облыс тұрғындары бұл талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Себебі заңсыз балық аулау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

«Мысалы, 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында шортан, язь, көксерке балығын аулауға тыйым салынады. Тұқы балығын 20 мамырдан 20 маусымға дейін аулауға болмайды. Гаммарусты аулауға 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін тыйым салынған, артемия цисталарын жинауға 1 наурыздан 15 маусымға дейін, ал өзен шаяндарын аулауға 1 маусымнан 15 шілдеге дейін шектеу қойылған», — делінген бейінді министрліктің ресми сайтында.

Сонымен қатар, 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық салаларында, сондай-ақ су қоймаларында балық аулауға шектеу енгізіледі. Есіл өңіраралық бассейндік инспекциясы тұрғындарды табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарап, балық қорын сақтауға шақырады.

Тағы оқыңыз: Көшеден тапқан темекіні шеккен қыз жансақтау бөліміне түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *