СҚО-ға жұмыс сапарымен Ақмола облысы бойынша «Аналар үйі» қоғамдық қорының өкілі Құралай Жұмабекова келді. Нәзікжанды теріскейде игі іс бастамақ ниетте, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ол көршілес аймақтағы тәжірибені әкелмек. Ақмолада жетімдер үйі жоқ, бұған себеп — балаларды қабылдаушы кәсіби отбасылардың пайда болуы. Атауы айтып тұрғандай, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұл-қыздарды мейірімді жандар бауырға басады.

СҚО-да ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаушы кәсіби отбасылар пайда болуы мүмкін
СҚО-да ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаушы кәсіби отбасылар пайда болуы мүмкін

«Басты мақсат — Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасыларды енгізу. Осы бағытта Ақмола облысында ілкімді іс тындырдық. Мұнда 4 жанұя өзге адамдардың балаларын қабылдамақ. Енді жиналған тәжірибемізді теріскейлік мамандармен бөліскіміз келеді. Кәсіби қабылдаушы отбасылар міндетті түрде арнайы дайындықтан өтеді, кейін бір уақытта 4 балаға дейін тәрбиелеуге мүмкіндік алады», — Ақмола облысы бойынша «Аналар үйі» қоғамдық қорының өкілі Құралай Жұмабекова.

«AMANAT»партиясының облыстық филиалында өткен жиында мәселе жан-жақты талқыланды. Болашақта аймақта балаларды қабылдаушы кәсіби отбасылар анықталуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Ауыл шаруашылығы вице-министрі өңір тұрғындары және тауар өндірушілермен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *