Қазіргі таңда өзен-көлдердегі мұздың қалындығы 20 см-ден төмен. Бұл — өте қауіпті. Осыған орай төтеншеліктер профилактикалық шара өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бойдағы құштарлық балықшыларды жылдың кез келген мезгілінде, кез келген ауа райында өзен-көлдерге жетелейді. Қазіргі таңда облыста күн күрт жылып, сынап бағанасы +10 градустан асты. Мұндай кезде мұз жұқарып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты төтеншеліктер балықшылармен кездесті, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Адамдар өзен-көлдерге барған кезде беріктігін таяқпен тексеріп алған дұрыс. Себебі, кез келген сәтте мұз опырылып, қайғылы оқиға болуы мүмкін. Шара «Заң және тәртіп»» тұжырымдамасы аясында өткізіліп жатыр. Ата-аналармен де кездесіп, балаларын өзен-көлдерге жібермеуін сұраймыз. Түсіндірме жұмыстары жыл бойы жалғасын табады», — деді облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Нұрсұлтан Төлеген.

Түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындарға жаднама таратылды. Әрқайсысында мұз үстінде жүру ережелері жазылған. Қазіргі таңда өзен-көлдерге топтасып баруға болмайды. Балықшылар кем дегенде 3-5 метр арақашықтықты сақтауы қажет.

Төтеншеліктердің сөзінше, қазіргі таңда өзен-көлдердегі мұздың қалындығы 20 см-ден төмен. Бұл — өте қауіпті. Мамандар сондықтан тұрғындардан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 144 мас жүргізуші ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *