Соңғы екі жылда облыста спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 5 мың адамға артты. Қазір олардың саны 227 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
2026 жылы бұл көрсеткішті тағы 2800 адамға көбейту жоспарланып отыр. Сандардың артуына жасалып отырған жағдай себеп деп айтуға толық негіз бар. Биыл облыста 40-тан астан спорт нысан бой көтерді.
«СҚО-да 2100-ден астам спорт нысаны бар. Биыл тағы 46 нысанның құрылысы бойынша жол картасы бекітілді. Оның ішінде үш ірі жобаны — жабық футбол аренасын, әмбебап спорт кешенін және мұз айдыны кешенін іске асыру басталады.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өңірдің ұлттық деңгейдегі позициясы нығайды. Ұлттық құрама сапында теріскейдің 434 спортшысы бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша олар 1140 медаль жеңіп алды.
Тағы оқыңыз: Сергей Худяков: «Жаңа Конституция интернет-алаяқтықтың тыйылуына ықпал етеді

