2025 жылы облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылды. Маңызды мәліметтер облыстық әкімдіктің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

2025 жылы облыста 95 мыңға жуық аула тазаланды. 74 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Айта кету керек, тазалық шараларына 171 мыңнан астам жерлесіміз қатысқан.

СҚО-да 10-сәуірден бастап жалпыоблыстық сенбіліктер өткізіледі
СҚО-да 10-сәуірден бастап жалпыоблыстық сенбіліктер өткізіледі

«Былтыр облыста 195 мың көшет отырғызылды. Биыл бұл көрсеткішті одан әрі арттыруды жоспарлап отырмыз. Тұрғындарды тазалыққа шақыру мақсатында түрлі сайыс ұйымдастырамыз. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге қомақты сыйақы қарастырылған», — деді СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Әлішер Беспаев.

Биыл облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтетін шараларға 3 млрд 400 млн теңге қаржы бөлінді. Өңірде 10-сәуірден бастап жалпыоблыстық сенбіліктер өткізіледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы кейбір аудандарда инвестиция тарту жұмыстары баяу жүруде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *