[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/d1f02524-bf1b-4da7-90c9-eabde0180380-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бүгінгі күні алаяқтардың құрбанына айналған қазақстандықтардың саны күннен күнге артуда. Мәселен, өткен жылы ел бойынша 20 мың факті тіркелсе, соның 1мыңға жуығы СҚО-да орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда өңірде тіркелген алаяқтық фактілерінің саны жеті есе өсті. Мәселен, 2018-ші жылы киберқылмыстың 143-і, өткен жылы 991 факті тіркелді. Былтыр ел тұрғындарына 14 млрд теңгеге шығын келтірілген. Өңір тұрғындары 2 млрд теңгені алаяқтардың қолына ұстатып қойған. Ал жасаған қылмысы  үшін жаза алып жатқан қылмыскерлер өте аз. Соңғы 2 жылда қылмыстық жауапкершілікке небәрі 130 алаяқ тартылды. Жалпы мамандардың сөзінше, алданатын азаматтардың басым бөлігі зейнеткерлер мен 32-40 жас аралығындағы ересектер.

«Алданатын азаматтардың басым бөлігінің құқықтық сауаттылығы төмен. Құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан алаяқтарға алданып, мүлкі мен ақшаларын беріп қоятындардың саны жылдан жылға артып келеді. Мұнымен қоса алаяқтықтың да жаңа түрлері пайда болуда. Статистикаға сүйенсек, бір күнде 4, бір айда 50-80 осындай қылмыс тіркеледі», — дейді СҚО прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Ғани Жалби.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x