Сот СҚО-да Qnet қаржы пирамидасын құрғандардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

Апелляциялық сот Qnet қаржы пирамидасын құрып, 110 солтүстікқазақстандықты алдаған бес азаматқа шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл тамыз айының соңында өңірде Qnet қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды сан соқтырып кеткен бес азаматқа қатысты үкім шығарылды. Петропавл қалалық соты Еркін Камалиев пен оның қарындасы Райхан Камалиева және Наурызбек Исинді алты жыл жеті айға соттады. Ал Әсел Елубаева мен Сансызбай Сыздықов бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Олар 2018-2022 жылдар аралығында Qnet қаржы пирамидасының өңірдегі филиалын құрып, облыстың 110 тұрғынын алдаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы 106 млн 920 мың теңгені құрады. Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің келтірген айғақтары және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Бірақ айыпталушылар бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алайда олардың арызы қанағаттандырылмады.

«Петропавл қалалық сотының 2024 жылғы 29 тамызда Еркін Камалиев, Райхан Камалиева, Наурызбек Исин, Сансызбай Сыздықов және Әсел Елубаеваға қатысты шығарылған үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Апелляциялық қаулы жарияланған күннен, яғни 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енсін», — деді үкімді оқыған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербар Қалиев.  

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға аудан әкімі бір млн теңге берді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x