Жерлесіміз Виктория Поправкина жеңіл атлетикадан Азия біріншілігінде үздік үштіктен көрінді. Жасөспірімдер арасында өткен сайыста оған қола медаль бұйырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл күндері Оңтүстік Кореяда жеңіл атлетикадан Азия біріншілігі өтуде. Додаға 2004 пен 2005 жылғы жасөспірімдер қатысып жатыр. Онда теріскейлік Виктория Поправкина ел мен өңір намысын абыроймен қорғап шықты. Бұрымды қарғып секіруде 12,65 метрге секірді.

“Сайыс өте тартысты өтті. Спортшылар жас болса да, бірінен бірі өтеді. Нәтиже көңілімнен шықты, алда бұдан да биік белестерді бағындырамын деп сенемін. Ол үшін талмай еңбектенетін боламын”, — деді спортшы қыз.

Тағы оқыңыз: Жылу электр орталығын жөндеуге 9 млрд теңге бағытталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x