Италияның Милан қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем Кубогы өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде солтүстікқазақстандық спортшы үш алтын еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар келді. Күні кеше ғана 1500 метрлік дистанция бойынша жарыс өтті. СҚО спортшысы Кристина Шумекова мәре сызығын бірінші болып кесті.
Күміс жүлдені жапондық Аяно Секигучи алды. Үздік үштікке қытайлық Цзяминь Цзян енді.
Айта кетейік, бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарында топ жарған болатын.
Бұл теріскейлік спортшы үшін үлкен спортқа өту алдындағы маңызды жарыс болды. Осы жеңісінің арқасында келесі жылы Олимпиада ойындарына қатысуы да мүмкін.
Тағы оқыңыз: Петропавлда білім мен спорт саласына ерекше көңіл бөлінуде

