Дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан науқасты аяққа тұрғызды. Петропавлда міндетті әлеуметтік сақтардыру аясында 45 жастағы ер адамға ота жасалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Айыртаулық Александр Кобзевты бас ауруы бұрыннан мазалаған. Ем-дом қабылдауға мүмкіндік болмапты. Себебі, ол кезде азаматтың салмағы 145 келіні құраған. Ал мұндай салмақты МРТ аппараты көтере алмайды.
Дерттің кесірінен науқас 120 келіге дейін түседі. Осыдан 1 ай бұрын қатты ауырып қалады. Сонда анасы көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізеді.
Александрдың сол жағы жансызданып, қимыл-қозғаласы нашарлады. Көру қабілеті де төмендеді. Мұның барлығын назарда ұстадық. Науқас ауруханада 3 күн жатты. МРТ аппаратына түсті. Қажетті анализдерді тапсырды. Осы арқылы ісігі бар екендігіне көз жеткіздік. Көлемі 6,5-6,6 см құрады. Оған операция жасадық. Барлығы біз ойлағандай өтті, деді облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирург дәрігері Балхар Шатуев.
Алынған ісік гисталогиялық тексеріске жіберілді. Қандай түрі екендігі жақында анықталады. Қажетті ем-дом шаралары тағайындалады. Егер обырдың қатерлі түрі болса, химиялық емдеу жасалады.
Айта кету керек, адам өмірі сақталған отаның құны 4 млн тұрады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталған 22 әйел диплом алды