Қазгидромет синоптиктерінің болжамына сәйкес, қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады. Жылы және суық ауа массаларының жиі алмасуына байланысты ай ішінде температура күрт өзгеруі мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media.

Мамандардың айтуынша, айдың орташа температурасы +10…+12°С шамасында болады. Бұл климаттық нормаға сай екен. Дегенмен, айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде түнгі уақытта  -3°С дейін үсік жүруі ықтимал.

1–10 қыркүйек арасында  түнгі температура +6…+11°С, күндіз +13…+23°С, кей күндері +26°С дейін жылы. Декаданың соңына қарай салқын түседі.  Екінші онкүндіктің алғашқы күндері түнде +2…+12°С, күндіз +14…+24°С болады.  Түнгі уақытта  -3°С дейін үсік болуы мүмкін.

Айдың соңғы 10 күнінде  түнгі температура +3…+5°С шамасында, кей түндері нөлден төмен болады. Күндіз +9…+22°С аралығында болады деп болжанып отыр.

«Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері облыс бойынша норма шегінде, кей жерлерде нормадан сәл көп болады. Ай бойы жаңбыр жауып, 15–20 м/с дейінгі күшті желдер соғады. Бірінші онкүндікте найзағай болуы  мүмкін. Сонымен қатар, тұман жиі түседі, әсіресе айдың бірінші жартысында»,- деп хабарлайды синоптиктер.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа оқу жылында су жаңа мектеп ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *