Шілде айында Солтүстік Қазақстан облысында +35 градусқа дейін ыстық болады. Мұны синоптиктер болжап отыр. Айтуларынша, жаздың екінші айында кейбір аудандарда жауын-шашын да молынан болмақ, деп жазады Qazaqstan Media.
Елдің солтүстігінде шілде айында ауа температурасы орташа есеппен +18 +19 болады деп болжанып отыр. Бұл осы кезге тән климаттық норма екен. Ал ең ыстық кездерде термометр көрсеткіші +25-ті көрсетеді, дейді синоптиктер.
«Айдың басында ауа температурасы тұрақсыз болады. Түнде кейбір кезде +5ке дейін салқындауы мүмкін, Ал күндіз + 26 +31 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал»,-дейді Қазгидромет мамандары.
Ал, айдың ортасы мен соңында «шілденің шіліңгір ыстығы» басталады екен. Түнде +15ке дейін жылы болса, күндіз термометр көрсеткіші +35 ке дейін көтеріледі. Ал жауын-шашынға келер болсақ, кей жерлерде мөлшеріден көп болады, дейді синоптиктер. Ай бойы өткінші жауын, күн күркіреуі күтіліп отыр. Сонымен қатар екпінді жел де болжануда.
Тағы оқыңыз: СҚО-да құтқарушылар зейнеткерді аман алып қалды