Бүгін СҚО-ға су тасқынының зардабын жоюға келген сегіз өңірдің құтқарушылары үйлеріне қайтты. Оларды облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев алғыс хатпен марапаттап, салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірге өзге облыстардан келген құтқарушылар бір айға жуық уақыт табиғи апат зардабын жоюға көмектесті. Олар Петропавлдағы Былғары зауыты мен Ойқала ықшам аудандарында және Тепличный ауылындағы тасқын су зардабын жойды. Облысқа көмекке жалпы 114 құтқарушы мен 31 техника келген болатын.

Солтүстік Қазақстанға көмекке келген құтқарушылар үйлеріне кетті

«Өңіріміз үшін қиын жағдайда бізге көмекке келгендеріңіз үшін облыс әкімінің және өзімнің атымнан  алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», — деді облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Түркістан,Павлодар, Қостанай, Ақмола, Абай және Ұлытау, Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан келген құтқарушыларды Қанат Дүзелбаев пен ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев алғыс хатпен марапаттап, салтанатты түрде шығарып салды.

Солтүстік Қазақстанға көмекке келген құтқарушылар үйлеріне кетті

«Біз Ақмола облысынан 3 мамыр күні 46 адам болып келіп едік. Өзімізбен бірге 10 жылжымалы мотопомпа мен 8 техника алып келдік. Барынша табиғи апат зардабын жоюға көмектестік», — деді Ақмола облысы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ұлан Бейсембаев.

Тағы оқыңыз:Қызылжар ауданында су басқан үйлердің 80% техникалық бағалау жүргізілген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x