Еліміз шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Дәстүрден Қызылжар жұртшылығы да жаңылмады. Заманында аспапты қолынан тастамаған Ақан сері бабамыздың атындағы облыстық филармонияда күй шертіліп, ән мен жырдан шашу шашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ұлттық сана мен төл өнерді жаңғыртып, дәріптеуге бағытталған бұл шара өңір жұртшылығына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді
Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді

Шарада 20-дан астам туынды орындалды. Барлығы өнері көрерменнің жүрегінен орын тапты.

«Жалпы, Қазақстанда тұрып жатқан кез-келген азамат қай салада жұмыс істесе де, мансапқа жетсе де, әні мен күйін ұмытпауы керек. Әрбір үйдің төрінде  домбыра тұруы керек. Оны тыңдап, ұғына білуі қажет. Қазақ халқының бар болмысы, бар мінезі осы қос ішекті домбырада тұр. Домбыра – қазақтың мұңын да, қуанышын да жырлай білген аспап», -деді Ақан сері атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Біржан Есжанов.

Айтулы шарада «Әсерлі ән, көк нөсер күй» орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды. Сайыста «Дәстүрлі әншілік өнер» аталымы бойынша бас жүлдені петропавлдық бұрымды Мадина Серік еншіледі.

Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді
Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді

«Байқауға бір ай дайындалдым. Шарада Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» атты туындысын орындадым. Бұл жеңіп алған бірінші марапатым емес. Бұған дейін республикалық додаларда талай жүлде алған болатынмын», -деді Мадина Серік.

Айта кету керек, байқау жеңімпаздары қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді
Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданында ерікті өрт сөндіру құрылымының жаңа бекеті ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *