Солтүстік Қазақстанда жол апатынан екі адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты. Жарақат алған тағы үш азамат ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жантүршігерлік жол апаты қыркүйектің 25-і күні Астана-Петропавл тас жолында болған. Daewoo Nexia мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы үш азамат Аққайың аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Жарақат алған үш адамға аудандық ауруханада көмек көрсетілген. Кейін зардап шеккен 17 жасар жасөспірімді облыстық көпбейінді балалар ауруханасына әкелді. Апат кезінде жарақаттанған тағы екі азаматтың біреуі облыс орталығына жеткізілді. Бүгіндері үшінші тұрғынды да қалалық көпбейінді ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылдануда», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Ауыр халде жатыр»: Петропавлда жүк көлігі жасөспірімді соғып кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x