Қазгидромет мамандары елімізде алдағы қыста қандай ауа райы болатынын жариялады. Олардың мәліметіне сүйенсек, температуралық режим нормаға сәйкес болмақ, бірақ желтоқсан айында қар көп түседі, әрі бұрқасын жиі болады, деп жазады Qazaqstan Media.
Синоптиктердің болжамы бойынша, желтоқсан айында Қазақстан бойынша қар көп жауады. Оның соңы бұрқасын мен боранға ұласады. Еліміздің оңтүстігінде қар аралас жауын жиі жауады. Ылғалдық көп болуы тұман мен көктайғаққа әкеледі. Сонымен қатар, солтүстік-батыс және солтүстік антициклондарының әсерінен күн күрт суытуы да ықтимал.
«Солтүстікте желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде -23-ке дейін төмендеуі мүмкін. Ал күндіз кей кездері +1 градус жылыдан -13 градусқа дейін суытуы ықтимал. Ал айдың ортасында үнде -37 градус аяз болады деп болжанып отыр. Күндізгі уақытта -25 градус суық болады. Айдың соңында аяздың беті қайтады», — деп хабарлайды мамандар.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық «Sensitive» би театры «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаты атанды