Солтүстік Қазақстанда күз жылы болады

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қыркүйек, қазан айлары жылы болады. Ендеше, шаруалар астықты ысырапсыз жинай алады. Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының мамандары алдағы екі айда облыста қандай ауа райы болатынын болжады. Айтуларынша, күз жылы болады.

Қыркүйек айында ауа температурасы көпжылдық нормаға сәйкес болады. Яғни, орташа +10, +11 градус. Жауын-шашын аз түседі деп күтілуде. Бұл өңір диқандары үшін жақсы жаңалық. Бітік шыққан егінді ысырапсыз жинауға мүмкіндік бар.

Ал қазан айында термометр көрсеткіші әдеттегіден жоғарыламақ. Орташа ауа температуасы +3, +4 градус болады. Бұл нормадан жоғары екен. Синоптиктер қазан айында да жаңбырлы күндер аз болады деп болжап отыр.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданының жаңа әкімі барлық ауылдық округтерді аралап шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x