Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 92 адам тұмаумен ауырған. Биыл өңірде тұмаудың А және В типтері таралуда. Шошқа тұмауы және Гонконг тұмауын жұқтырғандар да бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы басталғалы облыста жіті вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 66 649 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 20%-ға аз. Науқастардың ең көп бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар, 44 375 жағдай немесе 67%.

Өткен аптада СҚО-да ЖРВИ жұқтырудың 3 532 жағдайы анықталған. Алдыңғы аптамен салыстырғанда өсім 22%-ды құрады.

«Өңірде тұмауға жатпайтын вирустар – риновирустар, аденовирустар, парагрипп, басқа коронавирус түрлері, метапневмовирус, респираторлық-синцитиалдық вирустар мен бокавирустар таралуда», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Сондай-ақ, облыстың 92 тұрғыны тұмау жұқтырған. Өңірде оның А және В типтері таралуда.

«А типті тұмау жағдайларының ішінде H1N1-pdm-09 – 79 жағдай, H1N1 маусымдық – төрт жағдай, H3N2 – үш жағдай анықталды. В типті тұмаудың алты жағдайы тіркелді. Тұмау жұқтырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі 32 бала мен төрт жүкті әйел бар. Олардың ешқайсысы тұмауға қарсы екпе алмаған», – дейді Әсет Жұматаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да математика пәні мұғалімі тапшы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *