СҚО-да «AUYL SPORT-2025» өңірлік турнирі бастау алды. Ауыл балалары екі күні спорттың алты түрінен мықтыларды анықтайтын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Спартакиада «Халық» қоры мен жергілікті әкімдіктің қолдауының арқасында өткізіліп отыр. Шара ауыл балаларының талантын ашуға бағытталған. Дода алты спорт түрінен өтті.
Олар: волейбол, баскетбол, еркін күрес, шахмат, үстел теннисі мен бокс. Дода екі күнге жалғасады. Дараланғандары республикалық жарыстарда өңір намысын қорғайтын болады.
«Шараның басты мақсаты — ауыл спортын жаңа деңгейге көтеру, салауатты өмін салтын насихаттау. Спартакиада жеңімпаз атанған жастар бағалы сыйлықтармен марапатталады»,-дейді ұйымдастырушылар.
Тағы оқыңыз: СҚО-да «Еңбек күні» қарсаңында сала ардагерлері марапатталды