Петропавлда ұстаздар арасында тамыз конференциясы өтті. Жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» деп аталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараны республикалық тамыз конференциясының жалғасы деп айтуға болады. Басқосуда нысаналы мектептерге басымдық берілді. Қазіргі таңда аймақта мұндай 94 білім ұясы бар. Оның төртеуі Петропавлда орналасқан.

Солтүстік Қазақстанда 94 нысаналы мектеп бар
Солтүстік Қазақстанда 94 нысаналы мектеп бар

«Нысаналы мектептердің қатарына аттестациядан өте алмаған, білім беру сапасы мен мұғалімдерінің біліктілігі төмен және маман жетіспейтін мектептер енеді. Бір арнайы талдау жүргіземіз. Сол кезде өзекті мәселелер анықталады. Қуанышқа орай, атқарылып жатқан істің арқасында облысымызда нысаналы мектептердің саны азаюда»,- деді СҚО білім басқармасы әдістемелік орталығының директоры Роза Сәркен.

Мәселені шешу үшін әкімшілік пен мұғалімдерлің біліктілігіне басымдық беріледі. Бұл мектептегі білім сапасына әсер етеді. Маңызды мәселе көтерілген жиынға мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты. Проблеманы зерттеп, ой қалыптастырған баяндамашылар білген-түйгендерін әріптестеріне жеткізеді.

Солтүстік Қазақстанда 94 нысаналы мектеп бар
Солтүстік Қазақстанда 94 нысаналы мектеп бар

«Биыл ғана мектебіміз нысаналы мектептердің қатарынан шықты. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқардық. Түрлі жобалар енгіздік. Сабақ беру тәсілдерін өзгерттік»-, деді Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің директоры Жібек Жамұлдинова.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда оқушыны мектептен мектепке ауыстыру онлайн жүргізілетін болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *