«Солтүстік» пен «Ұлытау» ӘКК тәжірибе алмаспақ

Ұлытау облысынан  келген делегацияның өңірдегі   сапары жалғасып жатыр. Бүгін  ұлытаулықтар Петропавлдағы бірқатар кәсіпорынды аралап, олардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында және «Солтүстік» пен «Ұлытау» ӘКК арасында тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірге Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастаған делегация келді. Қос аймақ басшыларының қатысуымен өткен кездесуде екі өңір арасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.  Қазір республикада сүт фермаларын салу бойынша СҚО-ның пилоттық жобасы ауқымды түрде таратылуда. Солтүстікқазақстандық шаруалардың тәжірибесі басқа өңірлерге де пайдалы болмақ. Осыған орай ауыл шаруашылығы саласында және «Солтүстік» пен «Ұлытау» ӘКК арасында тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл өңірлердің дамуына қосымша серпін бермек.

«Солтүстік» пен «Ұлытау» ӘКК тәжірибе алмаспақ

Ұлытау құрылғанына небәрі 2 жыл болған жаңа облыстардың бірі. Ол жерде  ауыл шаруашылығы әлі жақсы дамымаған. Сол себепті де, Ұлытау облысы әкімдігінің қызметкерлері мен кәсіпкерлері солтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу мақсатында киелі Қызылжар өңіріне арнайы келген. Екі күн ішінде делегация өңірдегі біраз кәсіпорынның жұмысымен танысты. Солардың бірі — жаңадан ашылған заманауи жылыжай.

«Солтүстік» пен «Ұлытау» ӘКК тәжірибе алмаспақ

«Зеленый север» жылыжай кешені былтыр жыл соңында ашылған болатын. Қазір қиярдың үшінші айналымын өсіріп жатырмыз. Жылыжай кешенінің аумағы 3,7 гектар. Жылына 3 мың тонна қияр өндіруге қауқарлы. Әзірге қияр өсірумен ғана айналысамыз деп шештік.  Себебі, өнімдеріміз тек СҚО мен Көкшетау облыстарында ғана сұранысқа ие. Арасында Астана қаласына да экспорттаймыз», — деді «Зеленый север» ЖШС директоры Екатерина Асаенок.

 Жылыжай кешеніне құйылған инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге. Оның бір бөлігі, яғни 5,8 млрд теңгесі «Солтүстік» ӘКК арқылы қаржыландырыған. Жылыжайда қазіргі уақытта 50-ге жуық көкөніс өсіруші жұмыс істейді.

«Жалпы СҚО тәжірибиесін бүкіл республика бойынша қолдану керек екенін мемлекет басшысы айтқан болатын.  Біз жаңадан құрылған облыс болғандықтан, бізде ауыл шаруашылығы дамымай қалған. Сондықтан СҚО бізге қызық. Бұл жерде мемлекеттік қаражатты фермерлерге беріп, солар арқылы жаңа жұмыс орындары мен өндірістер ашылып жатыр. Осыған байланысты біздің мамандар бұл өңірдің кәсіпкерлерінен  көп нәрсені үйренбек. Солтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару әдісі, сүт фермаларын ашу жақсы дамыған. Тіпті, қымыз цехы бар екен. Бұл тақырыптар Ұлытау облысы  үшін өте өзекті», — деді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Тағы оқыңыз:СҚО-да 18 жастағы жүргізуші велосипед мінген жасөспірімді қағып өлтірген

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x