Солтүстік Қазақстанның қара шаңырағына айналған «Soltústіk Qazaqstan» газетіне биыл 105 жыл толып отыр. Басында «Кедей сөзі» деген атаумен жарыққа шыққан газет, кейін «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Ленин туы» болып өзгерген. Ал 1993 жылдан бастап «Soltústіk Qazaqstan» атауымен оқырмандарын қуантуда.  Ғасырдан астам тарихы бар басылымға арналып Петропавлда «Мағжаннан басталған жол» атты жиын өтті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Алаштың асыл азаматтары іргесін қалаған  «Soltustik Qazaqstan» газетінің оқырмандар үшін орны бөлек. Газетінің алғашқы саны 1920 жылы Омбы қаласында жарық көрген. Облыстық газет – Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Сәбит Мұқанов секілді алаш зиялыларының қолтаңбасы қалған баспа.

«Soltústіk Qazaqstan» газетіне - 105 жыл

«Облыстық газеті өңіріміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы десек, артық емес. Осыдан 105 жыл бұрын жалауын желбіртекен баспа, бірнеше баспалдақтан өтіп бүгін жетер биігіне көтеріліп отыр. Тарихы өте бай. Негізін алаштың арыстары қалады. Бұл газеттің қабырғасында талай марқасқа тұлғалары жұмыс істеді. Өткен ғасырдың 20 жылдарында алаш азаматтары ұлттың намысын ояту үшін, қайрау үшін барын сатып, қаржы жинап осы газетті шығарды. Газет әр  кезде халық үні болып қала береді», — дейді газеттің бұрынғы директоры, жазушы, журналист, СҚО құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменов.

100 жылдан астам уақыт өтсе де, газет өз оқырмандарын жоғалтқан жоқ. Қазіргі таралымы тоғыз мыңға жетеді. Бүгінде «Soltústіk Qazaqstan» газетінде аға буынның ізін жалғап келе жатқан жас тілшілер де бар.

«Soltústіk Qazaqstan» газетіне - 105 жыл

«Газетке универститеттің екінші курсында оқып жүрген кезде келдім. Алдымен тәжірибеден өттім, кейін жұмысқа орналастым. Жас тілшілердің көбі газетте жұмыс істеуден қорқады. Бірақ, еш қиындығы жоқ. Ұжым жақсы, тез үйреніп кеттім. Газетте жұмыс істеп әдебиетпен де, тарихпен де танысуға мүмкіндік мол. Қазір Руханият бөлімінде жұмыс істеп жүрмін. Бірақ, әр тақырыпта мақала жазып, өзімді жан-жақты дамытудамын», — дейді журналист Рабиға Ералы.

Газеттің 105 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға ардагер журналистер, суденттер мен оқушылар қатысты.

«Soltústіk Qazaqstan» газетіне - 105 жыл

Тағы оқыңыз: Петропавлда Заречный кентінен тұрғындар көшіріледі

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *