Солтүстікқазақстандықтарға «Капитан Байтасов», Батыры ВОВ: Рахимжан Кошкарбаев, Григорий Булатов» фильмдері көрсетілді. Шараға 1200-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Көрсетілімдепге мемлекеттік қызметшілер, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. «Капитан Байтасов» фильмі қызметтік борышы, ар-намысы және қоғам алдындағы жауапкершілігі бәрінен жоғары тұратын офицердің бейнесін ашады. Картина шынайы ерлік тек ұрыс даласында ғана емес, батылдықты, қайсарлықты және антқа адалдықты талап ететін күнделікті жанқиярлық қызметте де көрініс табатынын айқын көрсетеді.
Көрермендерге ерекше эмоциялық әсер қалдырған «Батыры ВОВ: Рахимжан Кошкарбаев, Григорий Булатов» деректі фильмінің тизерінде 1945 жылы Рейхстагты шабуылдау кезіндегі батырлардың ерлігі баяндалады. Бейнеролик кадрлары қатысушыларға соғыс жылдарының атмосферасын сезінуге, тарихи оқиғаның ауқымын және әрбір батырдың жеке ерлігінің тереңдігін ұғынуға мүмкіндік берді. Мұндай шаралардың арқасында патриот жастар көптеп қалыптасатыны сөзсіз.
Тағы оқыңыз: Кристина Шумекова — Әлем чемпионы

