Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026ж.23.01. № 59-03-09/74 негізді қорытындысына 2026ж.31.03. күнгі № 59-03-01/324 толықтыруына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ тұтынушылардың назарына электр энергиясының бөлшек саудада өткізу бойынша шекті бағасы, оның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ҚҚС-сыз 29,74 теңге/кВтс немесе ҚҚС-мен 34,50 теңге/кВтс мөлшерінде ұлғаюы туралы, ақпаратты жеткізеді:
- 1-топ – тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланыспаған, тұрмыстық қажеттіліктері үшін электр энергиясын пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар (жеке тұлғалар) – ҚҚС-сыз 17,14 теңге/кВтс.
- 2-топ – электр энергиясын тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар (өзге тұтынушылар) – ҚҚС-сыз 32,04 теңге/кВтс.
- 3-топ – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар (бюджеттік ұйымдар) – ҚҚС-сыз 49,48 теңге/кВтс.
- 4-топ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші тұтынушылар (ӘМӨТ/АЭА) – ҚҚС-сыз 29,74 теңге/кВтс.
Сонымен қатар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау қағидаларына сәйкес, электр энергиясын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін тұтыну көлеміне қарай келесі тарифтер белгіленді:
- Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (70кВт·сағатқа дейін) — ҚҚС-сыз 16,57 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (70–150кВт·сағат) – ҚҚС-сыз 20,57 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (150кВт·сағаттан жоғары) – ҚҚС-сыз 25,71 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (90кВт·сағатқа дейін) – ҚҚС-сыз 15,52 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (90–170кВт·сағ) – ҚҚС-сыз 20,57 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (170кВт·сағаттан жоғары) – ҚҚС-сыз 25,71 теңге/кВтс.
