21-26 маусым аралығында Вьетнамда грек-рим күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық бәсекесінде жерлесіміз Зарап Сұңқар күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгін болашағынан зор үміт күттірер спортшы Петропавлға оралды. Спортшыны теміржол вокзалынан туыстары, достары мен жаттықтырушылары және облыстық спорт басқармасының өкілдері күтіп алды. Сұңқар грек-рим күресімен сегіз жылдан бері айналысып келеді. Теріскейлік палуан Азия чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті.

Солтүстіктің ауылынан шыққан жас спортшы грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Солтүстіктің ауылынан шыққан жас спортшы грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

«Азия чемпионатында барлығы үш белдесу өткіздім. Бірінші кездесуде — иорданиялық, екіншісінде — үндістандық палуанды жеңдім. Финалда қырғызстандыққа 8 де 3 есебімен есе жібердім. Болашақта әлем чемпионы болғым келеді»,- деді Сұңқар Зарап.

Сұңқар Зарап — М.Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылының тумасы. Қарсы алу шарасы барысында аудан әкімдігі жеңімпазға 300 мың теңгенің, ал облыс жаттықтырушылары қосылып 200 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі ай бойы із-түссіз кеткен әйел аман-есен табылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *