Солтүстік Қазақстанда тамыз айы құбылмалы ауа райымен басталады. Шілденің соңында келген циклонның әсері аймаққа жауын-шашын мен найзағай әкеліп, күннің күрт суытуына себеп болады. Мамандардың айтуынша, екінші тамыздан бастап ауа температурасы төмендейді, деп жазады Qazaqstan Mediа.

Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, тамыз айында  орташа температура +16,9…+18°C аралығында болады. Жалпы  бұл көпжылдық нормаға сай. Алайда ауа температурасы құбылмалы болмақ.  Мәселен, айдың басында: күндіз +23…+28°C, түнде +13…+18°C-қа дейін жылы болады деп болжанып отыр. Ал, орта тұсында: күндіз +25…+30°C дейін ысиды. Кейін қайтадан +20…+25°C-қа түседі. Тамыздың  соңғы күндері  түнде +5…+10°C, күндіз +13…+18°C-қа дейін төмендейді.

Синоптиктердің айтуынша, жауын-шашын мөлшері ай бойына нормадан жоғары болады. Көптеген аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады.

«Тамызда желдің күшеюі жиі байқалады. Сонымен қатар айдың алғашқы күндерінде тұман түседі. Айдың екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында шаңды дауылдар болуы мүмкін»,-дейді метеоролог мамандар.

Тағы оқыңыз: Екінші мүмкіндік: СҚО-да қант зауытын салу тағы қолға алынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *