СҚО-да орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр. Диқандар бірнеше күннің ішінде 500 мың тоннаға жуық астық жинаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қызылжар ауданында танап басында жұмыс қызған. Биыл жері құнарлы, диқандары еңбекқор аймақта егін бітік шықты. Ендігі міндет — астықты шашау шығармай жинап, қамбаға жеткізу.

Чапаево ауылындағы «Сервис-Жарс» серіктестігі биыл рекордты көлемде өнім алуды жоспарлап отыр. Бүгінде қызметкерлері күні-түні аянбай тер төгуде. Аталған агроқұрылым бидай, арпа, жасымық, күнбағыс, рапс және жүгері сынды түрлі өнім түрлерін өсірген

Солтүстік диқандары 500 мың тоннаға жуық астық жинады
Солтүстік диқандары 500 мың тоннаға жуық астық жинады

«Орақ науқанына тамыздың 18-і күні кірістік. Алдымен жасымықты жинауды жөн көрдік. Шығымдылыққа көңіл толады. Әр гектардан 18 центнерден өнім алудамыз. Қазір комбайндарымыз ауданы 197 гектарды құрайтын танаптан сүрлемге арналған жүгеріні жинап жатыр»,- деді серіктестіктің аға агрономы Равиль Сұлтанов.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, аймақта 341 мың тонна өнім жиналған. Бастырылған астықтың көлемі 500 мың тоннаға жуықтайды. Осы жылы диқандар 4,3 млн гектар алқаптан өнім алуы тиіс.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ақша бопсалаған екі жасөспірім қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *