Солтүстік Қазақстан облысында жабайы аңның қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. М. Жұмабаев ауданындағы Новотроицк ауылы мен Булаево қаласы арасындағы тас жолда Mazda көлігі бұғыны қағып кеткен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 10-шы маусым сағат 22.50-де болған. Mazda көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жолға кенеттен шыққан бұғыны байқамай қалған. Нәтижесінде жеңіл көлікпен жануар соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алған.
«Челябинск — Новосибирск» бағытындағы тас жолда болған жол апатынан екі адам жарақат алды. Олар медициналық мекемеге жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетілгесін үйлеріне жіберілді. Ал бұғы оқиға орнында өлді», — деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да балалар арасында энтеробиоз ауруы көбейіп барады