СҚО-да ішімдіктен ада ауылдардың саны еселеп артуда. Өңірде үш жылдың ішінде 19 ауыл ішімдіктен бас тартқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Игі бастама 2022 жылы Тайынша, Ғ.Мүсірепов және Айыртау аудандарынан басталған еді. Қазіргі таңда дәстүр ретінде жалғасын табуда.

Дүкендерінде спирт өнімдерін сатудан бас тартқан елді мекендерде қылмыс, құқықбұзушылық деген атымен жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері мүлдем тіркелмеген. Айта кету керек, биыл «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Уалиханов, Тимирязев, Аққайың, Есіл, Ақжар, Жамбыл, М.Жұмабаев, Шал ақын және Ғ.Мүсірепов аудандарындағы ауылдар ащы судан бас тартқан.

Өңір полицейлері бұл бастама эстафета түрінде жалғасқанын қалайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жүргізу куәлігін алуға үміткер әр үшінші адам сынақтан өте алмаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *