Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айынан бастап 109 баланы кене шаққан. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 16 пайызға аз, деп жазады Qazaqstan Mediа тілшісі.
Эпидемиолог мамандардың мәліметніше, биыл өңірде кенеден зардап шеккен тұрғындардың саны аз. Сәуір айынан бастап 405 адам кене шақты деп шағымданған. Олардың 109-ы 14 жасқа дейінгі бала. Бұл былтырғы көрсеткішпен салысытрығанда 16 пайызға аз, былтыр осы уақытта кене шағудың 470 дерегі тіркелген еді.
«2024 жылдың алты айында бір кене энцефалиті тіркелді. Кене энцефалитіне қарсы вакцинация қызметіне байланысты кене энцефалиті болуы ықтимал табиғи ошақтарда жұмыс істейтін адамдарға салынады. Солтүстік Қазақстанда бес айдың ішінде 127 адам аталмыш екпені алды. Бұл — тиісті контингенттің 85 пайызы вакцинацияланды дегенді білдіреді», — деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы 10 ірі кәсіпорыннан 13 млрд теңгеге жуық салық түскен