Солтүстік Қазақстанда құтырма ауруы анықталды

Солтүстік Қазақстанда құтырма ауруын жұқтырған түлкі үйдің ауласына кіріп кеткен. Осыған байланысты Ғ. Мүсірепов ауданы Старобелка ауылындағы үйлердің бірінде шектеу шаралары енгізілмек, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

28 мамыр күні Ғ. Мүсірепов ауданындағы  Старобелка ауылында тұратын Якушевтер отбасы ветеринариялық қызметке ауласына түлкі кіріп кеткендігін хабарлаған. Үй иелері оны қораға қамап қойған.

«Оқиға болған жерге жеткен ветеринарлар түлкіні ұстап, бірден зертханаға жіберді. 3-ші маусым күні тексеріс қортындысы дайын болып, одан құтырма ауруы анықталды. Бірақ ауру түлкі тұрған қорада мал болмаған. Тұрғындар да оны қолмен ұстамаған. Дегенмен, Якушевтер үйінің ауласында шектеу шаралары енгізілмек. Тиісті шешімді Бірлік ауылдық округінің әкімі шығарады», – делінген облыстық ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратында.

Алдағы уақытта түлкі ұсталған қора мен үйдің ауласы дезинфекцияланып, малға вакцина қойылады. Жалпы, Якушевтер отбасының сегіз қойы, екі мысығы және бір иті бар екен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су басқан екі лагерьде жөндеу жұмыстары басталды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x