Солтүстік Қазақстандағы газ жарылысы: Үй иесі қайтыс болды

СҚО-да тұрғын үйде болған газ жарылысы кезінде зардап шеккен ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға желтоқсанның 10-ы Тайынша қаласында тіркелген болатын. Мұнда тұрғын үйде газ баллоны жарылып, үй иесі мен оның 16 жастағы қызы зардап шекті. Олардың денелерінің 60-70% — ын күйік шалған. Дәрігерлер бір аптадан астам уақыттан бері олардың өмірін арашалап қалу үшін барлық қажетті емдеу шараларын жүргізді. Алайда 50 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

«16 жастағы қыз бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавл мектептерінде буллинг белгілерін анықтайтын жүйе орнатылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *