Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Менің кіші Отаным» атты республикалық зияткерлік байқаудың облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Оған 9–10 сынып оқушылары қатысты. Бұл сайыс – туған өлке тарихын зерттейтін жас зерттеушілер мен тарихшыларды қолдауға бағытталған, деп жазады Qazaqstan Media.

Биыл байқауға облыс бойынша 160 оқушы ниет білдірді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ауылдық, аудандық және қалалық мектептерден 47 үздік қатысушы облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар Қазақстан тарихы бойынша онлайн-тест тапсырды, ал екінші кезеңде өздерінің зерттеу және шығармашылық жұмыстарын қорғады.

Солтүстік Қазақстан облысында «Менің кіші Отаным» байқауының облыстық кезеңі өтті
Солтүстік Қазақстан облысында «Менің кіші Отаным» байқауының облыстық кезеңі өтті

«Бұл байқаудың басты мақсаты – тек тарих білгірлерін анықтау емес, сонымен бірге балалардың туған жердің мәдени мұрасына, тамырына деген қызығушылығын ояту», – деді «Қызылжар дарыны» орталығының директоры Бақыт Габдуллина. – «Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақ туған өлкенің болашағына жауапкершілікпен қарауды үйренеді».

Нәтижесінде төрт жеңімпаз анықталып, олар Астанада өтетін республикалық кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдықтар демалыс алаңының жағдайына алаңдаулы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *