Солтүстік Қазақстан облысында 17 млрд теңге инвестиция құйылған 22 ірі агрожоба жүзеге асырылуда. Өңір басшысының мәліметінше, бұл мақсатқа 17 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде жеті мың бас ірі қара малға арналған 11 сүт-тауар фермасы бар.  Қуаттылығы жылына 47 мың тонна литр сүт. Осының негізінде өзге де өңірлерде  сүт фермаларын салуды  ұсынылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұған дейін өңірде жалпы көлемі 84,1 млрд теңге инвестиция салынған 23 сүт-тауар фермасы тұрғызылған болатын. Екі жыл ішінде оларға бес мыңнан астам ірі қара мал әкелінді.

«Qazaq sut» Республикалық сүт және ІҚМ-нің аралас тұқымдары палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев Қазақстанда сүт шаруашылығы қарқынды өсіп келеді, дейді. Оның мәліметтері бойынша, 2023 жылдан бастап елімізде жылына 300 мың тоннадан астам сүт шығаратын 48 жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылған. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 150 млрд теңгеден асқан. 2020 жылға дейін республика бойынша жыл сайын орта есеппен осындай екі ферма ғана салынған екен.

Үкімет отырысында Азамат Сағынбаев, сүт трансформациясының көшбасшысы — Солтүстік Қазақстан облысы, деп атап өтті. Облыста 2021-2022 жылдары 21 кәсіпорын іске қосылыпты. Соның арқасында аймақ 2025 жылы еліміздің агроқұрылымдары арасында сүт өндіру көлемі бойынша бірінші орынға шыққан.

«Жаңадан іске қосылған сүт-тауар фермаларында бір жәй сиырға орташа жылдық сүт көлемі 8,2 мың литрден келеді. Ал сүтті сиырларда 11 мың литрге жетеді. Бұл Еуропаның сүтті мол өндіретін елдерінің деңгейімен сәйкес. Сүт шаруашылықтары өңірдегі өндіріс саласын өсімге бастап қана қоймай, ауылдарда жұмыс орындары мен инфрақұрылым қалыптастыра алатын құзырет орталықтарына айналуда», — деп атап өтті ол.

Икемді кепіл шарттары бар 2,5% жеңілдікті несиелер,  суару технологияларын енгізуді субсидиялау өсудің негізгі факторлары. Сонымен қатар, «Кен дала» бағдарламасы арқылы тұқымдар мен тыңайтқыштарға қолжетімділікті арттыру да бар. 

Мал азығы базасының дамуы да ерекше әсер еткен.  Минералды тамақтану деңгейінің жоғарылауы, жоғары тиімді техникаға қол жетімділік және суару алаңының кеңеюі фермерлерге жемшөп құнын төмендетуге және саууды арттыруға мүмкіндік берді.

Палатаның атқарушы директоры СҚО тәжірибесін бүкіл елге кеңірек тарату қажеттігін айтып отыр. Ол үшін министрліктер мен әкімдіктер тарапынан үлгілік жобадағы шешімдер мен институционалдық қолдау керек.

«Қазақстанда сапалы сүтке деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті ойыншы болу үшін барлық қажетті ресурстар бар», — деп атап өтті ол.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *