Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы отставкаға кетті

Солтүстік Қазақстан облысының сот корпусы облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазинді құрметті отставкаға шығарып салды. Бұл қызметте ол үш жылға жуық уақыт жұмыс істеген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ербол Жанғазин 1961 жылдың 2 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген.

1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша заңгер.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы отставкаға кетті

1995 жылдан бері Алматы қаласында судья, Алматы қаласының Алатау аудандық сотының, Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды. 2018 жылы Шымкент қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалған. Ал 2021 жылдың соңында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы атанды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 82-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Әмірғалиұлы Жанғазин отставкаға шығуына байланысты лауазымынан босатылды. Отставка түріндегі өкілетті тоқтатудың ерекше түріне тек абырой-беделі мінсіз, әрі ұзақ уақыт қызмет атқарған судьялар ғана лайық деп саналады», — делінген облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Облыстың судьялар корпусы салтанатты түрде төрағаны құттықтап, Ербол Әмірғалиұлына жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.  

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы отставкаға кетті

Тағы оқыңыз: СҚО-да мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы ауысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x