Солтүстік Қазақстанға биыл 11 жас дәрігер келді

Солтүстік Қазақстан облысына биыл 11 жас дәрігер келген. Бірақ бұл маман тапшылығы мәселесін шешпей отыр. Қазіргі кезде өңірге 144 дәрігер қажет, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстікте кадр тапшылығы мәселесі жылдар бойы шешілмей келеді. Әсіресе, тар бейінді дәрігерлерге сұраныс көп. Оның ішінде хирург, реаниматолог, ЛОР, балалар гинекологы, жалпы тәжірибедегі дәрігер, кардиолог сынды дәрігерлер ауадай қажет.

«Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысында 144 дәрігер маман тапшы. Оның ішінде облыс орталығында 71 дәрігердің орны бос. Аудандарда 73 маман қажет. Жас мамандарды облысқа тарту үшін 2024 жылы облыстық бюджет есебінен резиденттерді оқытуға 50 грант бөлінді. Бүгінде осы бойынша 34 резидентпен келісімге қол қойылып, олар оқып жатыр», — деп нақтылады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жас мамандарды жұмысқа қабылдауда өңірде бірқатар шаралар қабылданған. Мәселен дәрігерлерге 1 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін көтермақы төленеді. Ең көп сомманы ауылға жұмыс істеуге барған ақ халаттылар алады. Мұндай шешімді облыстық маслихат шығарған болатын.

Сонымен қатар, кейбір медициналық мекемелер өздері қабылдаған жас мамандарына ақшалай сертификаттар табыстап, пәтер мәселесін шешуге көмектеседі. Ал ауылға барғысы келетін мамандар «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына да қатыса алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтардың 71 пайызы АЭС салуды қолдаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x