Солтүстікқазақстандықтың мотоциклынан екі бірдей мылтық табылды

Солтүстікқазақстандықтың мотоциклынан тіркелмеген екі бірдей мылтық табылды. Оның үстіне, суық қару салып алған адамның жүргізуші куәлігі де жоқ екен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін түнде Қызылжар ауданының полицейлерінің назарына нөмірсіз, жарық шамын жақпай жүрген мотоцикл түскен. Көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларды көре сала бағытын ауыстырып, қашып кетпек болған. Алайда, мамандар ереже бұзушыны қуып, Долматово ауылының маңында ұстады. Белгілі болғандай, 42 жастағы аудан тұрғының аталған категориядағы көлікті жүргізуіне рұқсаты жоқ екен. Ал, мотоциклды тексеру барысында 5,6 мм калибрлі екі тіркелмеген ТОЗ-18 мылтығы табылды.

«Ауыл тұрғынының айтуынша, ол қару-жарақтарды тауып алған. Бұл ақпараттың растығын тергеу анықтайтын болады. Қаруды тасымалдау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалды. Сонымен қатар ер адам көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Мотоцикл арнайы автотұраққа қойылды», — дейді Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Рустам Садулов.

Тағы оқыңыз: Елімізде 400 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсетіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x