Облыстың 15 мыңнан астам тұрғынның көлік салығы бойынша қарызы бар. Олар мемлекетке 411 млн теңге берешек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өңірде көлігі бар 90 мыңнан астам тұрғын бар. Сәуірдің 1-і көлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Сол уақыттан осы күнге дейін 6 мың тұрғын 106 млн теңгеге жуық төлем жасаған. Тағы 15 мың көлік иесі салық төлеуі тиіс. Олардың 26 мамырға дейін қарыздан құтылуға уақыты бар. Кейін өтелмеген әр күнге өсімпұл қосылады.

Заңға сәйкес, сот орындаушылары банктегі есепшот пен мүлікті бұғаттауға құқылы. Автокөлік иесінің қарызы 40 АЕК, яғни 138 мың теңгеден асса, елден шығуына тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: Такси жүргізушілері салық төлейтін болады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x