Жыл бойы атқарған жұмыстың жемісі! Солтүстікқазақстандықтар «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгін Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының иегерлері анықталды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған дәстүрлі шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенді жас қатысты. Жыл бойы 46 үміткердің еңбегі еленіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Көпшілікке көмек қолын созып, игі іс жасап жүрген жандар қай кезде болмасын құрметке лайық. Шарада солтүстікқазақстандықтар да үздіктер қатарынан көрінді. Көпшілікке жақсы таныс Анастасия Волкова «Қоршаған ортаны қорғау және сақтауға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Ал қалалық жастар ресурстыш орталығының директоры Дамир Әбдин болса «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы атанды. Қос марапат иесі бірнеше жыл бойы өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып келеді.

Тағы оқыңыз: Мағжан Жұмабаев ауданында диқандар құрметке бөленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *