Сәуірдің 8-і мен 9-ы аралығында Жапонияның Йокогама қаласында киокушинкай каратэден 5-ші абсолютті әлем кубогы өтті. Оған жапондық жекпе-жек өнерінің жүздеген шеберлері қатысты. Бұл сайыста Қазақстан Республикасының құрамасы жақсы нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Дүбірлі додада ел намысын қорғаған спортшылардың арасында Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де болды. Біздің жерлестеріміз Людмила Бутенко мен Светлана Малихтарович жапондық спортшыларды жеңіп, жарыстың финалистері атанды. Людмила Васильевна алтынннан алқа тағынса , Светлана Павловна Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды.
Тағы оқыңыз:Үкімет ауылдық жерлерді дамытудың тұжырымдамасын бекітті