Петропавлда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы биатлон чемпионаты басталды. Борки ауылындағы биатлон трассасына еліміздің сегіз өңірінен: Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жүзден астам спортшы шықты, Qazaqstan Media.

Жарыстар 26 тамызға дейін жалғасады, әзірге спортшылар спринт пен із қуу сайыстарында жүлделерді сарапқа салды. Солтүстікқазақстандық биатлоншылар алғашқы жарыстардан-ақ сенімді өнер көрсетті. 2007–2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы төрт шақырым қашықтықта Егор Кучеренко күміс жүлдегер атанды. Қыздар арасында Кристина Шушакова да екінші орын иеленді. 2009–2010 жылғы қыздар санатында 3 км қашықтықта Ульяна Ковалова жеңімпаз болды. Із қуу жарысында да солтүстікқазақстандықтар үздіктер қатарынан көрінді: Егор Кучеренко 5 км қашықтықта тағы да күміс медаль алды, ал Ульяна Ковалова дубль жасап, бұл сында да бірінші орынды жеңіп алды.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша СҚО құрамасының қоржынында екі алтын және үш күмісі бар.  Мұндай нәтиже солтүстікқазақстандықтарға алдын ала командалық есепте екінші орынға жайғасуға мүмкіндік берді. Бірінші орында – Ақмола облысының командасы, үшінші сатыда – Павлодар облысының құрамасы. Чемпионаттың соңғы жарыстары 26 тамызда өтеді.

Тағы оқыңыз: Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *