Астана қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Үлкен жиын барысында  солтүстікқазақстандық аграрилердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, Мемлекет басшысының қолынан марапат алды, деп жазады Qazaqstan Media.

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Форум барысында агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы мәселелері талқыланып, салаға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтардың еңбегіне жоғары баға берілді.

Астана қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Үлкен жиын барысында  солтүстікқазақстандық аграрилердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

«Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын деймін. Бұл шын мәнінде, нағыз еңбек адамдарының мейрамы екені сөзсіз. Диқандар, мал шаруашылығы мамандары, шаруалар – бәрі де еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосуда. Қажырлы еңбектеріңіз үшін сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың стратегиялық мәні айрықша саласы. Бүгін, міне, ауыл шаруашылығына арналған екінші форумды өткізіп жатырмыз. Алқалы жиынға ауыл-аймақтардан көптеген білікті мамандар арнайы келіп, қатысып отыр. Сондықтан бүгінгі форумды жалпыұлттық ауқымдағы басқосу деуге болады», — деді президент.

Форумда бірнеше мәселе де көтерілді. Оның бірі- жер мәселесі. Президент тапсырмасынан кейін 2022 жылдан бері 14 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды.

«Жерді қолынан іс келетін, жұмыс істеуге ниетті азаматтарға беру керек деген тапсырма бірнеше рет айтылды. Алайда бұл маңызды жұмыс баяу жүргізіліп жатыр. Сондықтан жолдауда мемлекетке қайтарылған жерді келесі жылдың ортасына дейін түгелдей тұрақты айналымға енгізу туралы тапсырма берілді. Әкімдіктердің осы мәселеге қатысты жоспарлары қағаз жүзінде қалып қоймауы керек. Ең бастысы, жер тағы да игерілмей, бос қалмауы қажет», — деді президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жер телімдері электронды конкурс арқылы берілуі қажет екенін айтты.

Форумдағы маңызды сәт ол — өмірін ауыл шаруашылығымен байланыстырған азаматттарды марапаттау болды. Бұл орайда, Солтүстік Қазақстанның шаруалары да назардан тыс қалмады.

Астана қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Үлкен жиын барысында  солтүстікқазақстандық аграрилердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, Мемлекет басшысының қолынан марапат алды
Астана қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Үлкен жиын барысында  солтүстікқазақстандық аграрилердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері»  атағы Ғ.Мүсірепов ауданының «Ақселеу» ЖШС басшысы Серік Малаевқа берілді.

Астана қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Үлкен жиын барысында  солтүстікқазақстандық аграрилердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, Мемлекет басшысының қолынан марапат алды
Астана қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Үлкен жиын барысында  солтүстікқазақстандық аграрилердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

Ал, «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС-ның бас директоры Бахтияр Оспановқа  «Құрмет» ордені табысталды.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданындағы барлық ауыл таза ауыз сумен қамтылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *