[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-07-at-10.34.52-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Асық ату мен тоғызқұмалақтан Түркияда жалауын желбіреткен Еуразия Кубогы өз мәресіне жетті. Халықаралық додада Шал ақын ауданының тумасы, Қазақстан құрама командасының белді мүшесі, спорт шебері Сәния Зейкенова жеңімпаз атанды деп хабарлайды, Qazaqstan Media тілшісі.
«1-4 желтоқсан аралығында Астана қаласында асық атудан Азия чемпионаты өтті. Ол жарыста күміс жүлде еншіледім. Ал Түркияда алтын бұйырды. Жарқын жеңісімнің арқасында “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” атанбақпын. Еуразия Кубогында 10 ойын өткіздім. Түркиялық қыздар лайықты қарсылық танытты. Бұған іштей қуанышты да болдым. Ұлттық спортымыз өзге елде дамып жатқаны қуантады. Осы орайда өзімнің алғашқы жаттықтырушым Орман Тұрғынұлына алғыс білдіргім келеді»,- дейді Сәния Зейкенова.
Еуразия Кубогына Түркия, Чехия, Германия, Румыния, Қырғызстан және Қазақстан құрама командалары қатысты. Асық ату мен бес асық сайысында жиналған ұпайларды есептей келе, Қазақстан құрамасы қос бәсекеде де жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Қоса кетейік, бұл додада СҚО асық ату федерациясының президенті және облыстың аға жаттықтырушысы Ағжан Сұрағанов қазылық етті.
«Өңірімізде ұлттық спорт түрі дамып келе жатыр. Бірақ, көп назар аударуды қажет етеді. Бөліп қарасақ, қазіргі таңда облыста мықты қыздар көп. Солардың арқасында біз бес асық сайысында үздіктер қатарынан көрініп жүрміз. Өкінішке қарай, аймақта мерген ұлдар өте аз. Осы кемшілікті жою үшін аудандармен жұмыс жүргізудеміз. Қалаға қарағанда ауыл балалары епсек келеді. Ата-аналарды балаларын асық ату үйірмесіне беріп, ұлттық спортты бірге дамытуға шақырамыз»,- дейді Ағжан Сұрағанов.
Ағжан Сұрағановтың айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 300-дей бала асық ату және бес асықпен айналысады. Облыстық федерация алдағы уақытта өңірімізде ұлттық спортты және балалар арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін үйірмелерге ұл-қыздарды көптеп тартуды жоспарлап отыр.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]