Спорт сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық! 18 қазанда Астана қаласында «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен XIV республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді. Бұл – ел намысын арқалаған ең мықты балуандардың бозкілемдегі шешуші айқасы. Аталған айтулы дода Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Турнирге облыстық іріктеу сайыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары қатысады. Бұдан бөлек, өткен жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы мен «Әскер Барысы» жарысының 2 балуаны да бозкілемге шығады. Жалпы 43 балуан күш сынасады.

Айта кету керек, дүбірлі додада СҚО намысын уәлихандық Алтынбек Аусағитов пен шалақындық Әділ Қайыров қорғайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастарды тазалыққа шақыруға арналған шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *