СҚО палуаны Ислам Евлоев халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Хорватияда өткен жарыста Олимпиада ойындарына жолдама үшін рейтингілік ұпайлар берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Халықаралық турнир Хорватия астанасы Загреб қаласында 4-8-ші ақпан күндері өтті. «Zagreb Open–2026» жарысында Олимпиада жолдамасы үшін рейтингілік ұпайлар берілді. 97 келіге дейін салмақ дәрежесінде белдескен Ислам Евлоев дүбірлі додада күміс медаль еншіледі.
Жерлесіміз финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырды. Ақтық сында жеңіске сынық сүйем ғана жетпей қалды.

