Айыртаулық жалынды жас Лаура Сағилова «Ламия» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. Сайыс талантты жастарды әлемдік сахнаға шығаруға бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Лаура Сағилова байқауда екі номинация бойынша өнер көрсетті. Ол «Аспаптық өнер» аталымында топ жарды. Бұд бәсекеде талантты жерлесіміз «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады.

Лаура «Вокалдық өнер» атылмында ll-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол бұл бәсекеде«Арлекино» хитін әсерлі әрі сәтті орындады. Жігерлі жастың өнер жолында жүргеніне көп болмаған. Бірақ, аз уақыттың ішінде зор жетістіктерге жетіп жүр.

 

«Халықаралық байқауға ұзақ дайындалдым. Өзім орындайтын туындыларды жітті меңгердім. Әр элементке қатты мән бердім. Осының арқасында жеңіске жеттім. Алға қойған мақсатым көп. Әлемдік сахналарға шығып, елімнің, өңірімнің атын шығарғым келеді»,-дейді оқушы.

Лаураны өнерге анасы Меруерт Зұлқарнай әкелген. Қазіргі таңда өзі өнер мектебінде тәлім алады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 400-ден астам сарбаз жерленген орын қайта жаңармақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *