Солтүстікқазақстандық конькиші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында бірнеше бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысының жас спортшысы Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында жоғары нәтижелер көрсетіп жатыр. Халықаралық дода 14 қараша мен 25 қаңтар аралығында өтеді.

Жерлесіміз алғашқы кезеңдерде-ақ мықтылығын дәлелдеп, Италияның Коллальбо қаласында өткен жарыстарда бірнеше алтын жүлде жеңіп алды.

29 қараша — 1000 м және 3000 м: 2 алтын

30 қараша — 1500 м: 1 алтын

6 желтоқсан — 1000 м және 3000 м: 2 алтын

7 желтоқсан — 1500 м: 1 алтын

Осылайша, Кристина төрт күндік жарыста 6 алтын медаль жеңіп алды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық депутаттар қоқыстан келетін зиянды азайту үшін «Жол картасы» әзірлеуді ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *